Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Ел-жұртынан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді

Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман, – деп жырлатқан Қожаберген жырау 1723 жылы Қазақ даласына жасалған Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел басына түскен ауыр апатты, яғни «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін осылай жыр тіліне көшірген екен.

🔹 Бүгінгі күні мектебімізге ардагер-ұстаз, “Ұлттық мүдде” қоғамының мүшесі Қажымұрат Нәсиұлы 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, Қожаберген бабамыздың шығармаларымен таныстырып, мектебімізге кітаптар сыйлады. Мектебіміздегі Қожаберген жыраудың мұражайына кіріп, тілегін естелік кітабына жазып кетті.

🔹Кездесуге “Сенімен болашақ” республикалық қоғамының өңіріміздегі жетекшісі Жанат Мұхамеджанов та қатысып, оқушыларға танымдық сабақ берді.

#біртұтас_тәрбие

#Қожабергенжырау

#кездесу

#ұлттықмүдде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *