Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында ҚР қолданыстағы заңнамасы мен білім беру саласындағы белгіленген талаптар сақталуы тиіс.
Оқу-ағарту министрлігінің мектеп формасына қатысты ұсынымдарына сәйкес, біздің мектебімізде классикалық үлгідегі мектеп формасы белгіленген.
Мектебіміздің бекітілген формасы:
• классикалық үлгідегі ақ жейде;
• ақ поло;
• қара-көк (сия көк) түсті шалбар;
• қара-көк (сия көк) түсті белдемше;
• қара-көк (сия көк) түсті жилет.

Мектеп формасы классикалық, жинақы және мектептің белгіленген талаптарына сай болуы қажет. Оқушылардың сабаққа күнделікті осы үлгіде келуі — мектептің ішкі тәртібі мен белгіленген талаптарды сақтаудың бір бөлігі.

Әсіресе, діни сипаттағы киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді, себебі мектеп — зайырлы білім беру ұйымы. Барлық оқушыға қойылатын талап бірдей және ортақ.

Осы талаптарды оқушылар мен ата-аналарға нақты әрі түсінікті түрде жеткізуді, мектеп формасының сақталуын бақылауды сұраймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *