06 ақпан күні «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Ж.Мұхамеджанов «Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер» тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау бойынша дәріс өткізді. Ұл мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы ой, пікірлерін ата-аналар ортаға салып, тәжірибелерімен алмасты. Мақсаты: ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру және баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1820982535340525&id=100022863888880&rdid=m3zDm3dMyG6UBqdA#

31 қаңтар күні 8-11-сынып ата-аналарының қатысуымен «Ата-ананың эмоционалды шаршауы» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жиналыс өтті. Мақсаты: Ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру. Жиналыста ата-аналардың баласын күйзеліске төзімділікке үйрету дағдысын дамытуға, күйзелістің көріністері және одан шығу әдістері туралы, мінез-құлқын эмоционалдық реттеу және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеті туралы түсініктер беріп,  күйзелісті ресурстық күйге айналдыру дағдыларын қалыптастыру және баланың күйзеліске төзімділігін арттыру құралдарын қалай меңгеру керектігі бойынша дәріс беріліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салды…

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1819108298861282&id=100022863888880&rdid=stl7gWaiBXDVlEuQ#

          

 21 қаңтар Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің бастауыш сынып ата-аналарды педагогикалық қолдау жобасы аясында «Логикалық ойлауды дамыту» атты жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты ата-аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру. Мұғалім ата аналарға қазіргі заман талабы бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін дамытуының маңыздылығы жайлы айтып, ата-аналар өз ойларымен бөлісті.

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1819108298861282&id=100022863888880&rdid=dUPRb1ksOOsmK5cJ#

2025 жылдың 17 қаңтар күні 5-7 сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды педагогикалық қолдау бағытындағы тәжірибелермен бөлісу және позитивті тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру.

Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері, жағымды эмоцияларға басымдық беру. Позитивті тәрбиенің принциптері мен ұлттық бастаулары: ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, тәрбие үрдісінде позитивті көзқарас қалыптастыру. Жиналыс ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және тәрбиенің тиімді тәсілдерін талқылауға бағытталды. Қатысушылар тарапынан оң пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

https://www.facebook.com/100022863888880/posts/1810013526437426/?mibextid=WC7FNe&rdid=42l7x0zJS9158mg7#

2024 жылғы 26 желтоқсан күні «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Ж.Мұхамеджанов Петропавл қаласының Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде «Отбасы құндылығы» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді. Ата-аналарға отбасылық құндылықтар мен отбасындағы бала тәрбиесі және туындаған мәселелердің шешімін қалай табуға болатыны жайлы сөз қозғады. Ата-аналар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар мектебіміздің көп балалы ата-анасы, ICF стандарты бойынша кәсіби коуч, сертификатталған профориентолог «Адами капитал» тақырыбын зерттеуші жас ғалым, candidate of PhD Қарақожа Әлия Мұратбекқызы мектеп кітапханасына өзінің «Skills. Дағды білімнен де маңызды…» кітабын сыйға тартты. Кітап ел ұрпағының болашағына алаңдаған әрбір ата-ана мен жарқын болашаққа сенген оқырман қауымға арналады.

2024-2025 оқу жылының қыркүйек айында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша  1-11 сыныптардың ата-аналарына «Отбасы – бақыт бесігі»,  «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту. ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту.


Қазан айында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 1-11 сыныптардың ата-аналарына«Білімдіге дүние жарық», «Ақыл айтпа, жол көрсет», «Көркем мінез – баға жетпес байлық» тақырыптарында жиналыстар өтті.
Мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту. эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту.

Қараша айында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 1-11 сыныптардың ата-аналарымен «Әрбір бала – жарық жұлдыз», «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер», «Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру, жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетінмен баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.

13-27 наурыз аралығында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында 1-11 сыныптарда «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Сенім арту – жетістік

кепілі», «Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?» тақырыптарында алтыншы ата-аналар жиналысы өтті.

#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы

#біртұтас_тәрбие

🔰Желтоқсан айындағы 1-11 сынып ата-аналарына арналған “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының 3-ші сабақтары өтті.

🔰“Сенімен болашақ” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі өкілі Баукенова Жазира Алтаевна мектебімізге келіп, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасын нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында тренинг сабақ өткізді.

#атааналардыпедагогикалыққолдау

#біртұтас_тәрбие

ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ

🔹“Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды”(Мұстафа Шоқай).

🔹 Қазақ отбасындағы ұлттық салт-дәстүрлер. Ұрпақтар сабақтастығы: әже даналығы, атадан өсиет, жеңгелерден қызға ақыл-кеңес, ағаға, әпкеге құрмет – баланы тәрбиелеу тәсілдері ретінде. Отбасылық дәстүрлерді дәріптеу.

🔹 «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бір бағыты ретінде мектептерде клубтық форматта жұмыс істейді. Бүгін, яғни 2023 жылдың 22 қараша күні 8-9 сыныптың қыздарымен “Әжелер сөзі – ақылдың көзі” тақырыбында әжелермен кездесу өтті.

#даналықмектебі#атааналардыпедагогикалыққолдау#қыздарменәжелер#біртұтас_тәрбие

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

🔹Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

🎯 Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

🔹 Міндеттері:

●1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

●2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

●3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

🔹Қараша айында “Ата-аналарды педагогикалық орталығының” 1-11 сыныптардың ата-аналарына арналған 2-ші сабақтары өтті.

#атааналардыпедагогикалыққолдау

#біртұтас_тәрбие

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

🔹Осы оқу жылынан бастап мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылып, шығармашылық топ құрылып, жұмыс істеуде.

🔹Орталықтың қызметі позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған.

🔹*Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты:* балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

🔹Бүгінгі күні бастауыш сыныптың ата-аналарына “Отбасы – бақыт бесігі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары өтті.

#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы

#біртұтас_тәрбие

#атааналаржиналысы

Ата-ана академиясы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы

Әдістемелік ұсыныс АПҚО

Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша басшылық

Бұйрық

Кесте