Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан…
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
2023 жылдың 28-қыркүйек күні 8 “Б” сынып оқушыларына “ Ардагер – ұстаз” тақырыбында мұражайлық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар мектеп мұражайына барып, мектеп тарихымен және ардагер-ұстаздардың еңбек жолымен танысты.
Біздің мектебімізде ұстаздық еңбек етіп, зейнеткерлік демалыста немере бағып отырған ата-әжелеріміз баршылық. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
Қадірлі ата-әжелер, бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге ұзақ ғұмыр тілейміз!