Тарих парағы өткенді ұмыттырмайды. Өнердің биігі көп. Халық ауыз әдебиетінің бір тармағынан қазақтың айтыс өнерін көреміз. Жібі үзілмейтінін тарих пен уақыттың өзі дәлелдеген шындық. Сахнаның сан қырлы мәдениетінің де бір белесі осы – айтыс мұрасы болмақ. Айтыс өнері – қазақ халқының ұлы ақындары, кемеңгер ұстаздары, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен ақындар мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге адымдап келеді.
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясында мектебімізде 8-сынып оқушыларымен “Заманауи айтыстың өнерге үлесі…” тақырыбында пікірталас өтті.