Осы оқу жылынан бастап мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылып, шығармашылық топ құрылып, жұмыс істеуде.
Орталықтың қызметі позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған.
*Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты:* балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні бастауыш сыныптың ата-аналарына “Отбасы – бақыт бесігі” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары өтті.
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы