Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде екі күн бойы екінші және бесінші сыныптардың ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Аталған сыныптарға сабақ беретін барлық пән мұғалімдері қатысқан бұл жиынға 120-ден астам ата-ана келіп, балаларының оқу үлгерімі туралы біле алды. Жалпы, 2-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндерге биыл электронды күнделікке баға қойылып, білім деңгейі ББЖБ бойынша бағалануда. Ал 5-сыныптар орта буынға көшіп, әртүрлі пән мұғалімдерінен сабақ оқиды. Сондықтан оқушылардың білім көрсеткішін қалыпты деңгейде сақтауды көздейміз. Бұл орайда мұғалімдерге ата-аналар тарапынан қолдау қажет. Бұл жиналыстың көздегені мақсаты да осы.