Мектебіміздің 40 жылдан еңбек өтілі асқан ардагер-ұстаздарға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаты табысталды. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнап, осы салада ұзақ жыл қалтқысыз қызмет еткені үшін алғыс білдірді.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген осы болар. Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашан құрметке ие. Ұстаз – мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Сондыктан ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» болуы тиіс.