Оқушыларды тамақтандыру мектеп асханасы арқылы жүзеге асырылуда. Күнделікті 1000 оқушыдан жуық ыстық тамақ ұйымдастырылады. Тамақ өнімдері, дайын аспаздық өнімдердің сапасын, рецептуралар мен технологиялық режимдердің сақталуын тексеруді брокераждық комиссиясы жүзеге асырады.
Мектебіміздің асханасына қыркүйек айының кестесіне сай брокераждық комиссия тексеру жүргізді. Брокераждық комиссияның мақсаты: асхана жұмысының жоспарға сай орындалуын қадағалау; ас блогының өлшемшарттары бойынша тексеру болып табылады. Брокераждық комиссия бекітілген кестеге сай айына бір рет жүргізіледі.
Тексеру нәтижесі бойынша асханада барлығы талапқа сай екендігі анықталды.