1910 жыл. Міржақып Дулатұлы баспасөзге белсене араласқан кезеңі.

Осы кезеңдерде ғашығы Ғайнижамал сұлумен махаббат хикаяты басталады. Дегенмен қым-қуыт кезеңнің оқиғалары екі ғашықтың қосылуын қиындатып жібереді.

🔹1909 жылы кітаптың шығуы қалың қазақ арасында дүмпу туғызған аса үлкен уақиға болды. Қазақ руханияты дүр сілкінді. Мұның ақыры патша өкіметінің кітапты тәркілеуімен және авторды соттаумен және жер аударумен аяқталды.

🔹Семей абақтысында жыл жарым отырып, Ташкент пен Түркістан айналып Орынборға келген Міржақып Гаясымен (Ғайнижамал) қайта қауышып, отбасын құрады. Сонда Ахмет Байтұрсынұлымен бірігіп «Қазақ» газетін шығарады.

🔹Фильмде бұл оқиғамен қатар 1988 жылғы Гүлнар Міржақыпқызының оқиғасы беріледі. Жиналыста ақталғандар тізімінің қатарында Міржақып Дулатұлы болмайды. Бұл жаңалық Гүлнар Дулатова үшін үлкен соққы еді. Жас зерттеуші өзі қызығушылық танытып, Гүлнар Дулатоваға Мәскеуге хат жазуға көмектеседі.

🔹Фильмнің басынан соңына дейін 1988 жылғы үлкен Гүлнар Дулатованың еске алу көріністерімен 1910-1935 жылдар аралығындағы Міржақып Дулатұлының басынан кешкендері көрсетіледі.

Фильм соңында Міржақыптың өлім жазасы он жыл түрмемен алмастырылып, Соловец лагеріне жөнелтіледі.

🔹1988 жыл. Алматы. Гүлнардың қолына Міжақыптың ақталғаны туралы анықтама тиеді. Гүлнар Міржақыпқызы қуанышы пен өкініші араласа, еңкілдеп жылайды.

⚜️⚜️⚜️⚜️2023 жылдың 28- қыркүйек күні мектебіміздің 8 “Б” сынып оқушылары кинотеатрға барып, “Міржақып. Оян, қазақ!” туындысын тамашалап, тарихқа үңіліп, өте керемет әсерде келді.

#біртұтас_тәрбие

#Міржақып

#Оянқазақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *