Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
2023 жылдың 22 қыркүйек күні 1 “Б” сыныбында “Жолда жүру ережесін сақтайық!” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.