Бүгінгі таңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқу-тәрбие процесінің дене тәрбиесі жүйесі, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың моделін жетілдіруге бағытталған. Бүгін, яғни 08.09.2023 күні сағат 12.00-де мектебіміздің 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары республикалық “СЕРГІТУ СӘТІ” челленджіне қатысты.
Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады. Челлендждің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау.
Челлендждің міндеттері:
физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.