Бүгін мектепішілік дәстүрлі денсаулық күніне орай спорттық іс-шаралар өтті.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, татулыққа шақыру.
Ертеңгілік жаттығудан басталған денсаулық шарасы сыныптардың көңілді серуенімен жалғасып, 3 сыныптарда “Көңілді эстафета” топтық ойынымен ұласты. Ал 9-11 сынып ұлдары футболдан тартысты ойын көрсетті.
Денсаулық күні жаңа оқу жылы басында барша қатысушыларға тың серпіліс пен жарқын эмоция сыйлады деген сенімдеміз.