Бүгін 8-сынып оқушылары “Соңғы үкім” фильмін тамашалауға кинотеатрға барды. Фильмде Ахмет Байтурсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, ХХ ғасырдын бас шеніндегі ірі турколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі. Сонымен қатар бұл фильмде істеген барлық істері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді.
Жас ұрпақты ұлтқа жанашыр, қазақ тілін құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиелейтін фильмнен оқушыларымыз керемет әсер алды.