Бүгін 25 мамыр мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізілді. Оқу-жылының қорытындысында өткізілетін жиынның мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.