Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ержетеді. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға деген бала махаббатын ояту мақсатында “Отбасы күніне” орай мектебімізде «Отбасының қызығушылық әлемі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.