3-мамыр күні Қарақат Жаиыққызымен оқушылардың ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен “Мен көшбасшы” интеллектуалды сайысының 3-айлық ойыны өтті. Сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысты. Финалдық кезеңге 8-сынып оқушысы Устемирова Мадина мен 10-сынып оқушысы Туякова Алина ең жоғарғы ұпай жинап, жолдама алды. Осы сайыс арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып, жылдам әрі нық жауап беруге бағыттау біздің ең басты мақсатымыз. 17-мамыр күні мектеп кітапханасында финалдық кезең өтеді. 3 айлық ойында жеңімпаз атанған сайыскерлеріміз финалдық кезеңде “Көшбасшы” атану үшін өзара тартысқа түсетін болады. Көрермен болып, қатысушыларымызға қолдау көрсетемін деуші жандарға есігіміз ашық. Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!🌸🌸🌸

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *