«ЭКОЛОГИЯ» айлығы аясында 9 сыныптар арасында «Географиялық алаң» интеллектуалды байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейте отырып, географиядан алған білімдерін ортаға салу және картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара 7 кезеңнен құралды. Екі сынып топқа бөлініп, топтың аты және ұранымен таныстырып өтті. Балалар үшін қызықты әрі жаңа іс-шара толқу мен көптеген жағымды эмоциялар тудырды. Ойын оқушыларға өзінің ақылдылығын көрсетуге, білімі мен эрудициясын көрсетуге мүмкіндік берді. Командалар тек жақсы білімді ғана емес, сонымен қатар топта жұмыс істеу қабілетін де көрсетті. Қорытындылай келе, жеңген топ марапатталды.