Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 10 «А» сынып оқушыларымен экология айлығында «Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық рөлі. Биомеханиканы робототехникада қолдану. Медициналық биомеханика» тақырыбында химия биология пәнінен кіріктірілген ашық сабақ өтті. Пән мұғалімдері Тұрсынбаева Н.Б., Бейсембина А.Х. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасады. Қазақстанда йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды атап, оның шешу жолдарын ұсынды. Йод жетіспеушілік мәселесі адам ағзасында ауру тұғызады және ақыл-ой өрісіне әсер етеді. Мұндай мәселелер адамның заманауи технологияларды дамытуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан біздің болашақ ұрпағымыз дені сау білімді азамат болу тиіс.