Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 10 сынып оқушылары “ЭКОЛОГИЯ” айлығында «Экологиялық мәселелер және олардың шешу жолдары» тақырыбында химия, биология және география пәндер бойынша лепбук жасап ұсынды. Осы тапсырмаларда оқушылар биология пәнінен қоқыстарды жинап және оны қалай сұрыптау керектігін түсіндірді. География пәні бойынша қандай аймақтар экологиялық мәселелер туғызатынын суреттеп көрсетті. Химия пәні бойынша ауаның ластағыш көздерін суреттеген. Осындай тапсырмалар оқушыларды экологиялық білімге және өз жерінің табиғатын таза ұстауға тәрбиелейді.