Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің сегізінші сынып оқушылары экология айлығында «Қоқыстан – өнерге» тақырыбында макеттер жасап ұсынды. Осындай тәрбие жұмыстары оқушыларды өз елінің, жерінің табиғатын қорғауға, сақтауға, аялауға тәрбиелейді. Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі жайлы қонысы мен өсіп-өнер мекені. Өкінішке қарай, табиғатты ластаушылар, яғни қоқысты кез келген жерге тастайтындар аз емес. Осы қоқыстар табиғатқа зиян келтіреді деп тастамай, оқушылар оларға екінші өмір сыйлау арқылы олардан эстетикалық бұйымдар жасап, таңқалдырып отыр. Осындай өнерлері оқушылардың экологиялық білімдерін нығайта түседі.