🌱Оқушылардың экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыру, экологиялық проблемаларға тарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған іс-әрекеттерге қатысты ақпараттандыру мақсатында 5 сыныптар арасында «Жас экологтар» тобы құрылды.

Әр сынып экологиялық флайерлер жасады.

Экологиялық флайер жасаудың мақсаты: қоршаған ортаны (табиғатты) қорғау мәселелеріне барлық адамзаттың назарын аудару және тарату.

🔰Мәтіні: Біздің ғаламшар – адамзат пайда болып, дамып келе жатқан жалғыз мекеніміз. Қазіргі апатты жағдайға әрқайсымыз кінәліміз, сондай-ақ проблеманы шешуге әрқайсымыз атсалысуымыз қажет! Күн сайын мүмкіндігінше іс-әрекеттер жасай отырып, табиғи ресурстарды сақтап, планетамызды, елімізді ластанудан қорғауымыз керек. Әрқайсымыз табиғатқа қамқорлық жасау керектігін жеткізгім келді, оған көмектесіп, ортақ үйімізде – Жер шарында бақытты өмір сүрейік!

#экологияайлығы

#жасэкологтар

#біртұтас_тәрбие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *