7 сәуірде барлық адамзат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Бүгін әлем бойынша денсаулық сақтаудың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ, өз денсаулығына ғана емес, айналасындағыларға да қамқорлық жасау керектігін ойлауы үшін өткізіледі. Біздің мектебімізде осы күнге орай оқушыларға «Темекі шегу және оның адам ағзасына келтірер зияны» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс шара мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу.