Адам денсаулығы – бұл адамзаттың ең құнды байлығы. Адам өз денсаулығын жас кезінен сақтауға міндетті, өйткені мықты ұлтты қалыптастыратын дені сау адам. Жыл сайын бүкіл әлемде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтіледі. Біздің мектебімізде де осы күнге орай бастауыш буын оқушыларымен “Көңілді эстафета” спорттық жарыс, жоғарғы сынып оқушыларымен волейболдан сайыс өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихөаттай отырып, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.