Бүгін 24 қазан күні “25 қазан – Республика күніне” орай оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, Отанын, елін, жерін, ұлттық рәміздерін қадірлеуге баулу мақсатында 4Б сыныбында ашық сынып сағаты болып өтті.
Оқушылар Отан, туған жер, тақырыбында жырларды жатқа айтып, ән шырқады, ұлттық рәміздерімізді сипаттады.
Мектебіміздің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұргүл Қабитқызы қорытынды сөз сөйлеп, оқушылар мен ата-аналарды келе жатқан Республика күнімен құттықтады. Оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.