Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс – әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі.
Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы.
Бүгін, яғни 2023 жылдың 24 қазан күні сағат 12.00-де “Төрт тоқсан – төрт өнер” жобасы аясында 7 “А” сыныбында “Айтыс өнері” тақырыбында айтыстың шығу тарихы, оның түрлері жайында танымдық сабақ өтті.