Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Бүгін 11 қазан мектебімізде 1-4 сынып арасында “Алтын күз” сайысы өтті.
Күз – молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сары алтындай сары күз себет толы жемісін, қамба толы егінін сыйлайды.
Мерекенің әсем де, әсерлі өтуіне мектеп оқушылары бар күш-жігерлерін салды. Дәстүрлі күз мерекесі осындай жарқын әсер қалдырды.