Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті – ата-бабамыз.
Бұл – ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ.
1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел – қазыналы ел.
Бүгінгі күні мектебімізде 11 “А” сыныбының оқушыларымен ауыл шаруашылығы саласының ардагері Әлім Төлебаевпен кездесу өтті.