Еліміздің дарынды балаларын және талантты жастарын қолдау, жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіндіру, шығармашыл жастарды айқындау мақсатында өтетін дәстүрлі «Ақберен» байқауының қалалық кезеңіне биыл біздің мектептен 4 үміткер қатысты. Абырой болғанда, шәкірттеріміздің бәрінің де бағы жанып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтар болсақ, «Эссе жазу» атылымында 11-сынып оқушысы Алина Темірхан жүлделі 2-орынды, ал «Шешендік өнер, білгірлік сайысы» аталымында 7-сынып оқушысы Сымбат Әміреқұл 3-орынды жеңіп алды. «Көркемсөз оқу» аталымында бақ сынаған 9-сынып оқушысы Санжар Ерденов те жүлдесіз қалмады. Ол 2-орынды қанжығасына байлады. Ал ұлттық аспапта өнер көрсетушілермен бақ сынасқан 10-сыныптың шәкірті Данияр Хамит та жүлделі 3-орынды иеленді. Шәкірттер жеңісі – мектеп абыройы. Жүлдегерлерді байқауға дайындаған ұстаздарға да алғысымыз зор.