Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Мектебімізде атаулы мерекеге орай 8 “А” сыныбында “Отбасы – бақыт мекені” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Шараға білім алушылар шығармашылықпен атсалысып, өз үлестерін қосты.