🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 01 қыркүйек күніндегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайға қатысты үкіметке жұмыс берушілерді жалақы қорын көбейтуге ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Президент еліміздің алдағы күндерге қойған мақсат-міндеттерін айта келе, отбасылық -демографиялық саясатқа ерекше тоқталды. Коғам балалар үшін қауіпсіз болу керек, әсіресе, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы өте маңызды. Білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін күшейту қажет деді.Сондай ақ балалар мен жасөспірімдердің зорлық-зомбылыққа, қысымға, яғни, буллингке ұшырамауы жолында талай жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ол үшін сенім телефондары жұмыс істеп, қоғам балалар мен барлық қазақстандықтар үшін де қауіпсіз болуы шарт деді. Президент, әсіресе ауыл шаруашылығы, ауылдың әлеуеті, өндіріс, ғылым мен білім, кәсіпкерлік, сауда-саттық, салық жүйесі туралы да нақты тапсырмалар берді. Ал тұрғындардың әлеуеті ең әуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық. Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздік.
Біз Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймыз! Сондай-ақ, басты байлығымыз – су, оның қадірін, құндылығын біліп, тиімді пайдалану, үнемдеу туралы да айтып, түсіндіріп өтті.
Президент жолдауы барша қазақстандықтар үшін жаңа бір бағыт айқындап өтті. Аспанымыз ашық, өміріміз нұрлы болғай!
Пікір білдірушілер: Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері