Мектебімізде «БАЛАЖАН» науқаны аясында ата-аналар арасында «Бала отбасының бақыты» атты треннинг ұйымдастырылды. Ата-ананың өмірлік тәжірибесі, білімі, дағдылары мен қабілеттері ерекше болғандықтан олар мұның бәрін балаларымен бөлісе алады. Ата-аналар еріктілері ерікті көмекшілер ғана емес, сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылары, қатысушылары, кейде шабыттандырушылары болып табылады.