2024 жылғы 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» 1-10 сынып оқушыларына жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өтткізілді. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың 2023-2024 оқу жылының аяқталуы қарсаңында еліміздің мектеп оқушыларына арналған үндеуі тыңдалды. Ұстаздар тәрбие сағатында балалардың жыл бойы оқу-тәрбие үрдісінде алған халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жетістіктеріне, үлгі істері мен жақсы қасиеттеріне тоқталып, марапаттады.
Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
#біртұтас_тәрбие#БілімімОтаныма