2023-2024 оқу жылының 20 мамыр күні оқушылардың Қарақат Жаиыққызымен оқушылардың ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Мен көшбасшы» интеллектуалды сайысының финалдық кезеңі өтті. «Мен көшбасшы» интеллектуалды сайысы қаңтар айынан бастап, әр ай сайын ұйымдастырылып отырды. Әр айлық ойында 2 ойыншымыз қатысушылар арасынан топ жарып, финалдық кезеңге өтті. Бұл сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысып, бақтарын сынаған болатын. 1-айлық ойыннан: 8-сынып оқушылары Әміреқұл Сымбат пен Нурпейсова Камила, 2-айлық ойыннан: 8-сынып оқушылары Молдахмет Дарын мен Нурхасанов Алинур, 3- айлық ойыннан: 10-сынып оқушысы Туякова Алина мен 8- сынып оқушысы Устемирова Мадина финалға өтіп, «Көшбасшы» атану үшін сайысқа түсті. Ойын нәтижесі бойынша Нурпейсова Камила 3-орын иегері, Молдахмет Дарын 2-орын иегері, ал Нурхасанов Алинур 1-орын иегері, яғни, сайысымыздың «Көшбасшысы» атанды. Алдымызға қойған мақсатымызға жетіп, оқушылардың бойынан шығармашылық қабілетін оятып, сайыс барысында жақсы нәтиже көрсете білдік деген сенімдеміз. Келесі оқу жылында оқушыларымыздан бұдан да жақсы белсенділік пен нәтиже күтеміз. Ойыншыларымызды құттықтап, қатысқандары үшін алғыс айтамыз🌸🌸🌸

#менкөшбасшы

#интеллектуалдысайыс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *