Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп кітапханасында оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасында 7 “А”, 7 “Ә”, “В” сыныптары арасында кездесу өтті. Бұл жобаға қатысқан оқушылар сыныптастарымен өз оқыған кітаптары жайында ой бөлісіп, алдағы уақытта оқуға кеңес беретінін айтты. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз­ғалысы кітап пен оқырман арасын жақын­датудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.

#демалыстакітапоқимыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *