Ағымдағы жылдын қаңтар айында Прагадағы Орталық Еуропадағы ең көне университеттердің бірі VŠCHT 10-11 сынып оқушылары үшін зияткерлік халықаралық олимпиада өткізді. Олимпиадаға мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жоламан Нұржан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Мектебімізге UNISCHOOL орталығының өкілі Карменова Мадина Аклбековна келіп, Жоламан Нұржанды құттықтап бағалы сыйлығын табыстады.