Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 8Б сынып оқушыларымен «Экология – өмірдің жүрегі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылар өз ойларын, еркін түйіндеп, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен жеткізе алды.