Қарақат Жаиыққызымен оқушылардың ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Мен көшбасшы» интеллектуалды сайысының 2- айналымы өтті. Сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысты. 8-сынып оқушылары Молдахмет Дарын мен Нурсаханов Алинур ең жоғары ұпай иеленіп, мамыр айында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымыздың бойынан шығармашылық қабілетін оятып, білім әлеміне жол көрсету біздің ең басты мақсатымыз. Сайысымыздың финалдық кезең алдындағы соңғы айналымы сәуір айының соңында өтетін болады. Оқушыларды сайысқа қатысып, өз бақтарын сынап көруге шақырамыз. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз