Экология айлығы аясында 5 «Ә» сынып оқушылары қаламыздағы 1 ғасырдан астам тарихы бар қазақстан аумағында ең алғаш ашылған оранжерея – ботаникалық баққа виртуалды саяхат жасады. Қызылжар ботаникалық бағының тарихы 1912 жылдан басталып, алғашқыда мұнда консерві зауытына қажетті дәмдеуіш шөптер өсірілгенін, кейін өндірістік мақсатта ашылған нысан үлкен ботаникалық баққа айналғанын білді.
Бастапқыда мұнда лавр мен пияз өсірілген. Қазіргі таңда ботаникалық бақта әлемнің әр түпкірінен әкелінген өсімдіктермен қатар түрлі тіршілік иелері бар. Бүл ботаникалық бақта қысы-жазы жасыл түске боялып тұратын 2 мыңға жуық өсімдік бар. Мамандардың баптап күтуі арқасында оған біздің қатал климат та кедергі келтірмейді. Олардың басым бөлігін Қазақстан даласында кездестіре алмайсыз
Балалар виртуалды саяхаттау кезінде сан алуан өсімдіктерді көзбе-көз тамашалай алатыны жайлы қорытындыға келіп, алдағы уақытта отбасымен, сыныппен тағы барып тұрамыз деген шешімге келді.