⚜️Оқушыларға білім берумен қатар әріптестік ынтымақтастықта жұмыс жасау, соның ішінде мектепте тәлімгерлік жұмысты жолға қою – заман талабы. Осыған орай “Экология” айлығы аясында тәлімгер мен тәлім алушы тәжірибесінен география пән мұғалімдері Уатаева Ш.А мен Сакенова Д.Ю 7 сыныпта ашық сабақ өткізді.

🔹️Сабақтың мақсаты: табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынады. Сабақ барысында оқушылар топпен, үштікпен, жеке жұмыс жасай отыра, аталған проблемалық жағдайлардың туындау себептері мен шешу жолдарын талқылады, өз ойларымен бөлісті. Экологиялық із калькуляторын пайдаланып, экологиялық ізінің қанша NAN ғаламдық гектарды құрайтынын есептеді және жеке тұлғаның табиғатты пайдалану рөлін анықтады. Тәлімгер мен тәлім алушы арасында шығармашылық байланыс орнату нәтижесінде қойылған оқу мақсаттарына жетті.

#экологияайлығы

#ашықсабақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *