Оқушыларға табиғат құндылықтары мен тазалық туралы ақпарат беру, табиғатты аялауға баулу мақсатында, бүгін мектебімізде “Экология” айлығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылар жоспармен танысып, белсенді қатысуға шақырылды. Биология пәнінің мұғалімі Ж.Т. Қожанова: -Табиғат тепе- теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасын сақтау әрбір адамның парызы және экологиялық сауаттылықты талап етеді,- дей келе, айлықтың өтуіне сәттілік тіледі.