“Наурызнаманың” онкүндігіне сәйкес, бүгін, 20 наурыз — ұлттық спорт түрлері күніне орай мектебімізде асық ату, арқан тарту, бес асық, қол күрес ұлттық спорт түрлері бойынша сайыс өтті.
Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн.