2024 жылдың 16 наурызында “”Қызылжар Дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы” және “Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты” бірлестігі математика-логикадан облыстық 4 және 6 сынып оқушыларына арналған “Достық” олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ 4-сынып оқушылары Тұрғын Батырхан, Бекназар Альфия І орын. Жұмабек Ерлан, Уап Аружан, Казанцева Лаура ІІ орын. Рахимжанов Ернар, Тұрсынбай Аяулым, Эркеұлан Інжу, Қошқар Нұртілеу, Алибекова Анель ІІІ орын. Ал 6-сынып оқушылары Бакибаев Алдияр, Марат Ерасыл, Аннас Ерасыл ІІ орын. Амантай Айша, Орал Дидар, Мәули Мөлдір ІІІ орын және Мұрат Мәди, Умаров Султангазы қатысушы сертификатына ие болды.
Жүлдегерлерді дайындаған Толқын Жалмұқанқызы, Нұрсұлу Мұхтарқызы, Гүлсім Төлегенқызы, Шұға Жақсылыққызы, Дулат Кадырменұлы, Гүлнар Жақсыбайқызына алғыс білдіреміз.