Бүгін, 18 наурыз “Наурызнама” онкүндігі аясында “Ұлттық киім күні” аталып өтілуде.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Сондықтан дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болған ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтіп жатқан «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.