Бүгін “Наурызнама” бойынша қайырымдылық күні. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Осы орайда мектебімізде ата -аналардың қолдауымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеде өздері үйде пісірген тәттілерді оқушылар мен мектеп ұстаздарына сатты. Жәрмеңке жоғары деңгейде өтті. Балалардың көмек қолын созуға, қайырымдылық жасауға асыққандары қуантарлық жағдай.