Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дәстүрлі түрде өткізетін Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсына биыл біздің мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қуанышпай Санжар да жолдама алды. Оқушылардың ғылымға ынта-ықыласын арттыру және ғылыми-техникалық саладағы ең дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі қолдау мақсатында ұйымдастырылатын байқауға 110 үміткер қатысқанын да айтып өткен жөн. Байқау «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» бағыттары бойынша өткен.

Санжар халықаралық байқауға «Сызықтық теңдеулер жүйесінде Крамер әдісінің тиімділігі» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Оның ғылыми жұмысына мектебімізідң тәжірибелі мұғалімі Дулат Қадірменұлы мен Гүлнар Жақсыбайқызы жетекішілік етті. Дарынды шәкіртіміздің халықаралық байқауға қатысуына облыстық “Қызылжар дарыны” орталығы қолдау білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *