“Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы” жоспарына сәйкес «Отбасының бала өмірінде алатын рөлі» тақырыбында 28 ақпан күні бастауыш сынып оқушыларының әкелеріне арналған ата-аналар жиналысы өтті. Мақсатымыз – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсетуді негізге ала отырып, баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп, өсу жолдарын бірлесе қарастыру. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.