2024 жылдың 22 ақпанында мектебімізде Төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы аға офицерлері Әлібек Дулатұлы Боранбаев пен Темірхан Бақытжанұлы Сағындықовтың қатысуымен “Жер сілкінісі” кезіндегі эвакуациялық арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Негізгі мақсат – төтенше жағдайда мектеп ұстаздары мен оқушыларының іс-әрекеттерін жаттықтыру. Жер сілкінісі кезінде туындаған айрықша жағдайларда, эвакуация жасау барысында да мектеп жеке құрамы қажетті дәрежеде әрекет ете білді.
Сонымен қатар жер сілкінісі кезіндегі қажетті дабыл сөмкесі жайында да түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.