Қазақ жері, қазақ елі – біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз.
Бүгін мектебімізде 1 В сынып оқушыларының қатысуымен “Елімді сүйемін!” тақырыбында ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Тәуелсіздік мерекесі, еліміздің қастерлі нышандары жайлы құнды мәліметтер алып, туған жер, ел сөздерінің мәнін терең түсініп, Отанына деген сүйіспеншіліктерін көрсететін қызықты тасырмаларды бар ынтасымен орындады.