Тілеуке Құлекеұлы жасынан сөзге шешен, тілге ділмәр, үлкендерше төрелік айтқандықтан ел арасында “Шал ақын” атанып кеткен.
Ақынның тәрбиелік мәні терең шығармалары ұлттық құндылықтарымызды насихаттайды.
Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен Шал Құлекеұлының 275 жылдық мерейтойына арналған “Тұлғалар тағдыры – өлке тарихы” тақырыбындағы конференцияға қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа айтты.
#облыстықтарихиөлкетанумұражайы